Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Бірінші лига клубының тізгінін ұстады

12.02.2021, 19:01
«Ақсу» алдағы маусымда Бірінші лигада ойнайды.
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Бірінші лига клубының тізгінін ұстады

43 жастағы қазақстандық маман Марат Еслямов павлодарлық "Ақсу" командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Алдағы маусымда "Ақсу" Қазақстанның Бірінші лигасында бақ сынайтын болады. Өткен маусымда Марат Еслямов "Ақсу" клубында физикалық дайындықты жүргізетін бапкер болып жұмыс істеді. Бұрын ол "Оқжетпесте" жаттықтырушының көмекшісі болған.

Еслямов 2018 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан (U-21) жастар құрамасының жаттықтырушылар штабында, одан кейін Ұлттық құраманың бапкерлер штабында қызмет атқарды. Футболшы кезінде Еслямов "Намыс", "Есіл" клубтарында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×