Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық қақпашы Сергей Бойченко "Мақтаарал" клубында қақпашылар бапкері болып тағайындалды. "Мақтаарал" клубының тізгінін күні кеше Вахид Масудов ұстаған болатын.
Бойченко бұған дейін "Атырау" клубында қызмет еткен болатын. Өткен маусымның қорытындысы бойынша "мұнайшылар" Премьер-лигаға қайта оралған еді.
Қақпашы ретінде Сергей Бойченко "Елімай", "Қайрат", "Жеңіс", "Ақтөбе", "Атырау" және "Ордабасы" сияқты клубтардың намысын қорғады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында үш кездесу өткізді.
Біздің серіктес: FONBET