Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы «Қайсар» клубының директоры болуы мүмкін

21.11.2021, 02:12
Қызылордалық клубтың қазіргі басшылары да өз қызметтерін жалғастыра бермек.
Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы «Қайсар» клубының директоры болуы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қайсардың» жаңа директоры болып белгілі қазақстандық футболшы, жаттықтырушы әрі функционер Болат Есмағамбетов тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін 53 жастағы Есмағамбетов қызылордалық клубтың директоры және бас бапкері қызметін атқарған.

«Қайсардың» бұрынғы басшысы Серік Досманбетов спорт директоры болып тағайындалса, футбол орталығына экс-спорт директор Талғат Сыздықов жетекшілік етеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, маусым қорытындысы бойынша «Қайсар» Бірінші лигаға түсіп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×