
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Австрияда Мальтаға қарсы жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы "Гол Емес" телеграм-арнасы хабарлады. Тек Мальта құрамасының келісімін күту ғана қалды. Матч 7 маусымға жоспарланған.
Бұған дейін ҚФФ Косовоға қарсы жолдастық матч өткізетіні туралы ресми түрде мәлімдеген болатын. Аталған ойын 4 маусым күні Косово астанасында өтеді.
Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Талғат Байсуфинов шәкірттері екі ойын өткізіп үлгерді - өз алаңында Францияға есе жіберді (0:2), ал сырт алаңда Украинамен тең ойнады (1:1). D тобындағы келесі матчтар 1 қыркүйекте өтеді.
Біздің серіктес: FONBET