Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы «Каспий» клубында жұмыс істемек

09.02.2021, 17:47
Шевченко соңғы кездері Новосибирск футбол мектебінде қызмет атқарды.
Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы «Каспий» клубында жұмыс істемек

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Каспий» клубының құрылымында Қазақстан ұлттық құрамасы мен бірқатар ресейлік клубтардың бұрынғы шабуылшысы Максим Шевченко жұмыс істейтін болады. Клубтың футбол орталығын дәл осы 40 жастағы қазақстандық маман басқарады.

Ойын мансабын аяқтағаннан кейін ол бірінші және екінші лига командаларының жаттықтырушысы болып жұмыс істеді, «Қайрат» пен «Рузаевка» құрылымында, сондай-ақ «Зенит Ижевск» клубында спорттық директор болып қызмет атқарды.

Шевченко ойыншы ретінде ресейлік «КАМАЗ-Чаллы», «Черноморец», «Носта», «Нефтехимик» және «Лада» клубтарында ойнады. Ал Қазақстанда «Тобыл», «Жетісу», «Есіл-Богатырь», «Қайрат» және «Шахтер» командаларында өнер көрсетті. Ол Қазақстан құрамасында 11 матч өткізіп, үш гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×