Қазақстан құрамасының капитаны жарақат алды

05.06.2022, 15:30
Футболшы сырт алаңда өтетін екі матчқа қатыспайды.
Қазақстан құрамасының капитаны жарақат алды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Словакия және Беларусьпен болатын сырт алаңдағы матчтарға қатыспайды

Капитанымыз Әзербайжанмен болған матчта миы шайқалып, командамен Трнаваға ұшпады. Алайда, дәрігерлер оның Нұр-Сұлтанда болатын Словакиямен матчқа дайын болатынын мәлімдейді.

Алты сағатын ұшақта өткізген Қазақстан құрамасы Братиславаға жетіп, одан әрі автобуспен Трнава қаласына аттанған екен. Бүгін футболшылар матч алдындағы жаттығуын өткізеді. Сондай-ақ бас бапкер Магомед Адиев және бір ойыншының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Айта кетейік, Словакия мен Қазақстан арасындағы матч маусымның 6-нан 7-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×