Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрама департаментінің директоры Қайрат Нұрдәулетов Албанияға қарсы Қазақстан құрамасының келесі ойынында жанкүйерлердің болуы мүмкіндігіне қатысты жағдайды түсіндірді.
Осы аптада УЕФА Атқарушы комитеті стадион сыйымдылығының 30 пайызына халықаралық және еуропалық матчтарға кіруге рұқсат берді. Бұл шешім Будапешттегі УЕФА Суперкубогының 24 қыркүйекте өткен сәтті сынақ матчынан кейін мақұлданды. Сондай-ақ, УЕФА кездесулерді жергілікті биліктің рұқсаты болмаса, көрермендермен өткізуге болмайтындығын атап өтті.
«Ұлттық құраманың матчтарына жанкүйерлердің қатысуына келетін болсақ, УЕФА бұл жұмыстың әр елдегі жергілікті билікпен келісіліп жасалатынын атап өтті. ҚФФ тиісті хат дайындап қойды және оны жақын арада ведомствоаралық комиссияға жібереміз. Егер жауап оң болса, біз жанкүйерлерді трибунаға қайтарамыз, егер тыйым салынса, біз өз заңдарымызды бұза алмаймыз.
Әрине, біз және ұлттық құраманың ойыншылары жанкүйерлердің қолдауымен ойнағанды қалаймыз, өйткені бұл мүлдем басқа атмосфера, әртүрлі эмоциялар, бірақ шешім бізге байланысты емес», - деді Нұрдәулетов.
Еске салайық, 11 қазанда Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Албаниямен матч өткізеді. Матч Алматының Орталық стадионында өтеді, ал 15 қазанға қараған түні Беларуссияға қарсы қонақта ойнайтын болады. Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынының басталуы 5 қазанға жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET