Қазақстан құрамасының ойыншысы Еуропа чемпионатына қатыса алмайды

09.11.2021, 15:03
Португалия қақпасына маңызды голды соққан ойыншымыз төрт айға қатардан шығып қалды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Еуропа чемпионатына қатыса алмайды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Дәурен Нұрғожинға Италияда ота жасалды. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Италияның «Вилла Стюарт» клиникасында Нұрғожиннің беліне ота жасалып, сәтті өтті. Клубтың мәлімдеуінше, ойыншы шамамен 4 айдан кейін қатарға қосылады. Осылайша, Дәурен алда келе жатқан Еуропа чемпионатына қатыса алмайды.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрғожин Әлем чемпионатында Бразилияға қарсы өткен ойында жарақат алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×