Қазақстан құрамасының ойыншысы маусым соңына дейін ресейлік клубта ойнамақ

27.12.2021, 18:37
«Қайраттың» тағы бірнеше ойыншысы жалға берілмек
Қазақстан құрамасының ойыншысы маусым соңына дейін ресейлік клубта ойнамақ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» қорғаушысы Дуглас Жуниор маусымның соңына дейін ресейлік КПРФ командасында жалда ойнайтын болды. Бұл ақпаратты ресейлік дереккөздер растап үлгерді.

32 жастағы қорғаушы 2021 жылғы әлем чемпионатының үшінші үздік ойыншысы болып танылған еді. Дуглас аталмыш турнирде 4 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін Чемпиондар лигасынан шығып қалған «Қайрат» командасы бірнеше ойыншыларын жалға беретіні туралы ақпарат шыққан болатын. Олардың қатарында Савио, Витао және Ранжел секілді ойышылар бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×