Қазақстан құрамасының ойыншысы «Жетісудан» кетуге жақын

11.12.2020, 04:08
Аслан биылғы маусымда Қазақстан құрамасына қайта шақырту алды.
Қазақстан құрамасының ойыншысы «Жетісудан» кетуге жақын

"Жетісу" мен Қазақстан құрамасының футболшысы Аслан Дарабаев командадан кетуге жақын, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

"Жетісудың" бірқатар ойыншылары клубтан кетіп, басқа клубтармен келіссөздер жүргізіп жатқандығы атап өтілді. Дарабаевқа келетін болсақ, оның мансабын ҚПЛ-де жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар. Сондай-ақ, Аслан өзінің бұрынғы клубы "Шахтерге" оралуға қарсы болмас еді.

Өткен маусымда 31 жастағы жартылай қорғаушы 17 кездесуге қатысып, бір гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, қараша айында Дарабаев ұлттық құрамаға оралып, екі матч өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, "Жетісу" чемпионатты алтыншы орында аяқтады. "Қайрат" Премьер-лига чемпионы болды, екінші орын "Тобылға", үшінші орын "Астанаға" бұйырды. "Оқжетпес" бірінші лигаға түссе, "Ақтөбе" мен "Атырау" Премьер-лигаға жол тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×