Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Жетісудан» кетті

27.01.2021, 02:20
«Жетісу» осы жылы жергілікті жастарға сенім артпақ.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Жетісудан» кетті

31 жастағы қорғаушы Олжас Керімжанов "Жетісудан" кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Олжас Керімжанов соңғы төрт маусым бойы "Жетісу" сапында өнер көрсетті. Премьер-лигада 49 матч өткізіп, 2 гол соқты. Бірінші лигада 22 матчқа қатысып, 5 голдың авторы атанды.

"Жетісу" бұған дейін Егор Зубович, Вадим Побудей ("Гомель", Беларуссия), Андрей Залеский, Никита Наумов ("Динамо Минск"), Андрей Лебедев ("Витебск", Беларуссия), Ненад Адамович, Стефан Живкович, Мартин Тошев, Алмат Бекбаев, Аслан Дарабаев, Еркебұлан Сейдахмет, Педро Еуженио, Артурас Жулпа ("Сиена", Италия), Доньет Шкодра, Дэвид Мавутор ("Ворскла", Украина), Мирам Сапанов (Жетісу), Ескендір Қыбырай, Ермек Куантаев және Альмир Мухутдиновпен қош айтысқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×