Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Жетісудан» кетуге жақын

30.12.2020, 20:15
Барлық клубтар 2021 жылға арналған бюджеттің бекітілуін күтуде.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы «Жетісудан» кетуге жақын

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Жетісу" мен Қазақстан құрамасының футболшысы Олжас Керімжанов командадан кетуге жақын.

31 жастағы қорғаушы "Қайсардың" назарына ілікті. Алайда, қызылордалық клуб Керімжановқа жалғыз үміткер емес. Қорғаушы басқа да Премьер-лига командаларын қызықтырады, бірақ көптеген клубтар 2021 жылғы бюджеттің бекітілуін күтуде.

Өткен маусымда Керімжанов ҚПЛ-де 13 матч өткізіп, бір гол соқты. Ол бұған дейін 2016 жылы "Қайсарда' өнер көрсеткен. Олжас өткен жылы Қазақстан құрамасында дебют жасап, құрама үшін бес матч өткізіп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×