Қазақстан құрамасының шабуылшысы коронавирус жұқтырды

19.10.2021, 20:39
Шабуылшы «Қайратпен» болатын ойынға қатыспайды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы коронавирус жұқтырды

«Астананың» шабуылшысы Абат Айымбетов Премьер-лиганың келесі турында «Қайратқа» қарсы өтетін матчқа қатыспайды.

Meta-ratings.kz сайтының хабарлауынша, шабуылшы коронавирус жұқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Айымбетов «Қайратпен» бірге ел чемпионы атанған болатын.

Бұған дейін Айымбетов иығынан жарақат алып, 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасының Босния мен Финляндияға қарсы матчтарын өткізіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×