Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды

25.09.2021, 04:19
Ширек финалдық матч 27 қыркүйек күні өтеді.
Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Қазақстан құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен ойнайды.

1/8 финалда Иран Өзбекстанды 9:8 есебімен жеңді. Бұл ретте керемет мінез көрсетіп, соңына дейін күрескен Өзбекстан құрамасына лайықты бағасын берсек, артық болмас.

Осылайша, ширек финалда ирандықтар күні кеше Таиландты (7:0) жеңген Қазақстан құрамасымен кездеседі. Ойын 27 қыркүйекте өтеді.

Сонымен қатар ширек финалда Марокко - Бразилия, Ресей - Аргентина ойнайды. Одан бөлек, осы кезеңнің тағы бір жұбы анықталмады, онда Испания - Чехия, Португалия - Сербия жұбында үздік шыққандар бір-біріне қарсылас атанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×