Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыласы бас бапкерсіз қалды

02.12.2021, 01:56
Қос команда арасындағы матч наурыз айында өтетін болады.
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыласы бас бапкерсіз қалды

56 жастағы италиялық маман Роберто Бордин өзінің Instagram парақшасында Молдова құрамасынан кететінін хабарлады.

«Бүгін менің Молдова құрамасының бас бапкері ретіндегі жұмысым аяқталады. Бұл маған жаңа спорттық және өмірлік тәжірибелерді дамытуға мүмкіндік берген жемісті жыл болды. Мен Федерацияға, оның президенті мен айналасындағылардың барлығына алғыс айтқым келеді. Мен Молдоваға футболды жақсарту үшін барлық құрылымдар мен ресурстардың дамуын тілеймін», - деп жазды Бордин.

Роберто Бордин Молдова құрамасын биыл ақпанда тізгіндеген болатын. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Молдова құрамасы бір ұпай жинап, өз тобында соңғы орынға тұрақтады.

Естеріңізге сала кетейік, Молдова Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы болып табылады. Қос команда С дивизионында қалу үшін күресетін болады. Алғашқы ойын 24 наурызда Кишиневте өтеді. Қарымта кездесу 2022 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×