Бүгін, 15 ақпанда 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогінің жеребесі тартылды.
Оның нәтижелері бойынша жартылай финалда «Тобыл» «Қайратпен», ал «Шахтер» - «Астанамен» кездеседі. Кездесулер 2-3 наурызда өтеді. Үшінші орын үшін болатын матч 5 наурызға, ал финал 6 наурызға жоспарланған. Барлық ойындар Түркістан қаласында өтеді.
Еске салайық, 2020 маусымда «Қайрат» соңғы 16 жылда алғаш рет чемпион атанған болатын. «Тобыл» екінші, «Астана» үшінші, «Шахтер» төртінші орынға ие болды.