Қазақстан Суперкубогы Ресей мен Украинада да көрсетіледі

08.02.2015, 01:30
Қазақстан Суперкубогы Ресей мен Украинада да көрсетіледі
Биылғы маусымның шамылдырығын ашатын «Астана» мен «Қайрат» арасындағы Қазақстан Суперкубогын шетелдік телеарналар да көрсететін болды. Дәлірек айтқанда, матчты ресейлік «Спорт-1» арнасы мен украиналық SPORT арнасы көрсетеді. Сондай-ақ, қазақстандықтар бұл кездесуді «Хабар» арнасынан тамашалай алады. Бұл елдерден бөлек, Түркия, Қытай, БАӘ және Еуропаның кейбір мемлекеттерімен келіссөз жүргізілген. Алайда кей құжаттарға әлі қол қойылмапты. Айта кетейік, украиналық телеарна Молдова, Эстония, Белорусь, Литва және Латвия секілді елдерде де көрсетіледі. Ал ел Суперкубогы 1 наурызда «Астана Арена» стадионында өтетінін естеріңізге саламыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×