Қазақстан - Түркия ойыны кейінге шегерілді

26.04.2021, 21:19
Бұл матч сегізінші маусым күні Ақтөбе қаласында өтуі керек еді.
Қазақстан - Түркия ойыны кейінге шегерілді

2023 жылғы Еуропа чемпионатының (U-21) іріктеу турнирі аясында өтуі тиіс матч короновирусқа байланысты кейінге шегерілді.

Қазақстан жастар құрамасы 8-ші маусым күні Ақтөбе қаласында Түркия жастарымен кездесуі тиіс болған. Алайда, Түркия тарапы бұл ойынды кейінге шегеруді сұрады.

Коронавирус індетінің Түркияда күшейіп кетуі бұл ойынға кедергісін келтіріп тұр. Сондықтан да, УЕФА бұл матчты 12-ші қазанға шегерді. 

Айта кетуіміз керек, Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойынын 4 маусым күні Ақтөбе қаласында Бельгия жастарына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×