Қазақстан Түркияда жолдастық кездесу өткізеді

10.11.2011, 02:54
Қазақстан Түркияда жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы Түркия жерінде өткізетін оқу-жаттығу кезінде жолдастық кездесу өткізетін болды. Бұл жайында бүгін Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. Өткен жылы да дәл осындай жағдай орын алған болатын. Біздің құрама команда Беларусь құрамасымен тең түскен болатын. Биылғы қарсылас әзірге белгісіз.

2014-жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу сынына дайындық дәл осы кездесулерден басталмақ. Бұл сында бізге Германия, Швеция, Ирландия, Австрия және Фарер аралдарының құрама командалары қарсылас атанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×