Қазақстан (U21) жастар құрамасының «Antalya Cup» турниріне қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды

18.03.2021, 23:12
Нұрдәулет шәкірттері аталмыш турнирде Солтүстік Македония, Болгария және Өзбекстан құрамаларымен ойнайды.
Қазақстан (U21) жастар құрамасының «Antalya Cup» турниріне қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды

Қазақстан (U21) жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Түркияда өтетін «Antalya Cup-2021» халықаралық турниріне шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлады ҚФФ баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығу жиыны 21 наурызда Талғарда басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 22.

Қақпашылар: Данил Устименко, Дінмұхамед Жомарт (екеуі де - «Қайрат»);

Қорғаушылар:  Дінмұхамед Қашкен («Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Шахсұлтан Зубайділдә («Шахтер»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де - «Астана»), Аслудин Хаджиев («Ордабасы»), Микаэль Аскаров («Фенербахче», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Жасұлан Қайыркенов (екеуі де – «Астана»), Андрей Ульшин, Арсен Буранчиев (екеуі де - «Қайрат»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхаммед Қараман («Тараз»), Бекзат Иманғазиев («Оқжетпес»), Алияр Мұхаммед («Тұран»), Дмитрий Бачек («Побленсе», Испания);

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко («Астана»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Максим Скорых («Қызыл-Жар»);

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов - аға жаттықтырушы, Андрей Ферапонтов - аға жаттықтырушының көмекшісі, Асқар Ыдырысов - аға жаттықтырушының көмекшісі.

Қазақстан жастар құрамасы халықаралық турнирде Солтүстік Македония, Болгария және Өзбекстан құрамаларымен ойнайды.

24 наурыз, 20:00, Солтүстік Македония – Қазақстан;

26 наурыз, 20:00, Болгария – Қазақстан;

29 наурыз, 19:00, Өзбекстан – Қазақстан.

* Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×