Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні жолдастық матч ойнайды.
УЕФА ресми датасы болғандықтан Қазақстан құрамасы 4 маусым күні Македония астанасы Скопье қаласында аталған елдің құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Осы ойынға дайындық жұмысы ретінде Қазақстан құрамасы елордаға жиналды.
«Футбол үйіндегі» жасыл алаңда алғашқы жаттығу жұмыстары жүріп, футболшыларымыз арнайы медициналық тексерістен өтті. Жаттығулардан бөлек теориялық сабақтардың да өтіп жатқанын айта кетейік. Бірнеше жаттығу жұмыстарынан кейін, 2 маусым күні командамыз Македонияға жолға шығады.
Біздің серіктес: FONBET