Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы матчтарға арналған құрамы жарияланды

25.08.2020, 17:00
Алғашқы матчтар қыркүйек айына жоспарланған.
Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы матчтарға арналған құрамы жарияланды

Литва мен Белоруссияға қарсы матчтардағы Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған ойыншылардык тізімі жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Михал Билек Ұлттар лигасының алдында оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

УЕФА Ұлттар лигасының дебюттік ойындары қыркүйектің бірінші онкүндігіне жоспарланған. 4-5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасының Литвамен кездесуі өтеді.

7 қыркүйекте, өз алаңымызда отандастарымыз Белоруссия құрамасымен ойнайды. Қазақстан ұлттық құрамасының ойын алдындағы оқу жаттығу жиыны 31 тамызға жоспарланған.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов ("Астана"), Стас Покатилов ("Қайрат"), Игорь Шацкий ("Тобол");

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (екеуі де - "Астана"), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі - "Қайрат"), Марат Быстров ("Ахмат", Ресей), Ян Вороговский ("Беерсхот", Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - "Тобол"), Александр Марочкин ("Қайсар"), Олжас Керімжанов ("Жетісу");

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан ("Аль-Айн", БАӘ), Бахтиер Зайнутдинов ("Ростов", Ресей), Исламбек Қуат (клубсыз), Юрий Перцух ("Астана"), Айбол Абикен ("Қайрат"), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де -"Қайсар");

Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Қайрат"), Алексей Щеткин ("Астана"), Максим Федин ("Қайсар").

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×