Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері командасын EURO-2016-ға алып шығуға жақын

13.11.2015, 16:21
Қазақстан Ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері командасын EURO-2016-ға алып шығуға жақын
Бернд Шторк баптайтын Венгрия, Ослода Норвегияны тізе бүктірді. Қос матчтан тұратын текетірестің алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен венгрлер, келесі жылы Францияда өтетін құрлық додасына жолдама алуға бір табан жақындады. Матчтың 26-шы минутында 21 жасар Кляйнхайслер гол соғып, командасына жеңіс әкелді. Айта кетейік, неміс бапкері Бернд Шторк Қазақстан Ұлттық құрамасын 2008-2010 жылдар аралығында жаттықтырған еді. Норвегия - Венгрия 0:1 (0:1) Гол: Кляйнхайслер, 26.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×