Өз дәуірінде атақты футболшы болған Александр Фамильцев "Тұранның" бапкерлік штабына кірмек.
47-жасар маман ҚФФ Техникалық орталығында дәріс алып, PRO лицензиясын алған болатын. Сондықтанда Александрдың бірінші лига командасын баптауына шектеу жоқ.
Молдавиялық бапкер Игорь Пикущак турнир регламенті бойынша бас бапкер қызметін атқара алмайды. Маман команданың жаттығу барысын жүргізетін қосымша ассистент болмақ. Оған бұл жұмыста "Астананың" экс-ойыншысы Игорь Бугаев көмектеседі.
Фамильцев Павлодар футболының түлегі. Ол өз мансабында "Ертіс", "Торпедо", "Томь", және "Ақтөбе" ФК өнер көрсеткен. Қазақстан ұлттық құрамасы үшін барлығы 35 ойын өткізді.
Біздің серіктес: FONBET