Қазақстан ұлттық құрамасының Литваға қарсы шығатын құрамы белгілі болды

04.09.2020, 22:57
Құрам өзгеше, демек ойында өзгеше болу керек.
Қазақстан ұлттық құрамасының Литваға қарсы шығатын құрамы белгілі болды

Михал Билек Ұлттар лигасы аясында Литвамен болатын матчқа өте қызықты құрамды таңдады. Таза форвардтың жоқтығы таңқаларлық (бұл позицияда Зайнутдинов ойнайды) және шабуыл шебінде Гафуржан Сүйімбаевтың болуы. Марат Быстровтың оң жақ қапталдағы дебютін де атап өткім келеді.

Қақпашы: Стас Покатилов

Қорғаушылар: Марат Быстров, Александр Марочкин, Сергей Малый, Нуралы Әліп, Ян Вороговский

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Айбол Әбікен, Ғафуржан Сүйімбаев, Бауыржан Исламхан (к)

Шабуылшы: Бахтиёр Зайнутдинов

Ян матч басында жартылай қорғаушы позиициясында ойнайтынын ескерсек, Сүйімбаев пен Вороговский орын ауыстыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×