Қазақстан жастар құрамасы Черногориядан оңбай ұтылды

04.09.2020, 01:56
Qazsport білгендей екінші таймды көрсетпепті
Қазақстан жастар құрамасы Черногориядан оңбай ұтылды

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2021 іріктеу кезеңінің аясында Черногориядан оңбай ұтылды. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 0:4 есебімен аяқталды.

Бірінші тайм тең дәрежеде өткен еді. Екінші тайм бастала салысымен қонақтар ойынды өз бақылауына алды. 52-минутта Осмаич есеп ашып қана қоймай, 64-минутта дубль жасады. 79-минутта Раконяц өз командасының 3-ші голын салды. Ал 92 минутта Вукотич есепті 4-0-ге жеткізді.

Осы матчтан кейін Қазақстан жастар құрамасы 7 ұпаймен 4-орында қала берді. Ал Черногория бүгінгі жеңістен кейін Қазақстан құрамасына жетіп алды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×