Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатын жеңіліспен бастады

16.03.2022, 00:12
Матчтағы бес голдың төртеуін қазақстандық ойыншылар соқты.
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатын жеңіліспен бастады

Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші іріктеу тобындағы алғашқы ойында Польшаға есе жіберді.

Қарсылас команда сапында Сендлевский ғана мергендік танытты. Ал қалған екі голды Үргенішбаев пен Голубничий өз қақпаларына соғып алды. Ал Қазақстан құрамасының ойыншысы Булдиннің жасаған дубльі ұпай алу үшін жеткіліксіз болды.

Қазақстан U-19: Голубничий (қ), Булдин, Өтегенов, Үргенішбаев, Әуезов – Ипмағамбетов (қ), Сарқыт, Қарменов, Ким, Бауыржанұлы (к), Бадан, Қазбеков

Келесі ойын 16 наурыз күні Финляндиямен болады. Басталуы – елорда уақытымен сағат 23:00-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×