Қазақстан жастар құрамасы өз тобында екінші орынға көтерілді

09.09.2020, 13:15
Қазақстан жастар құрамасы әлі үш ойын өткізуі керек.
Қазақстан жастар құрамасы өз тобында екінші орынға көтерілді

Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2021 іріктеу кезеңінде Израиль құрамасынан басым түсті. Матч Израильде өтіп, қонақтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды.

Кездесуде есепті бірінші болып қазақстандықтар ашты. Бірінші таймға қосылған қосымша минутта Эльхан Астанов гол соқты. Израиль құрамасы да қосымша минутта есепті теңестірді - Итамар Швиро 91-минутта гол соқты. Ал 94-минутта Оралхан Өміртаев Қазақстанға жеңіс әкелді.


Осы ойыннан кейін он ұпаймен Қазақстан жастар құрамасы іріктеу тобында екінші орынға ие болды. Израильде сегіз ұпаймен үшінші орында қала бермек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×