21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Талғардағы ұлттық құраманың базасында өткен жолдастық кездесуде Қырғызстанның олимпиадалық (U-23) құрамасын 2:0 есебімен жеңді.
Матч барысында Арсен Буранчиев пен Мирас Тұрлыбек мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Еске салайық, 29 наурыз күні Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Шотландияға қарсы ойнайды.