Қазақстан жастар құрамасы ширек финалда

23.01.2012, 19:52
Қазақстан жастар құрамасы ширек финалда
Қатарынын қос жеңіс қазақстандық жас аяқ доп шеберлеріне «Достастық кубогінің» ширек финалына жол ашты. Футболдан  ТМД елдерінің чемпиондары бас қосатын жалғыз турнир «Достастық кубогі» өзінің мәртебесін түсіріп алған тұста ұйымдастырушылар аталмыш бәсекені клубтар арасында емес әр елдің жастарынан жасақталған жігіттер арасында өткізуді дұрыс деп тапқан. 21 жасқа дейінге Қазақстанның жастар құрамасын Ресейдің Санк-Петербург қаласына серб маманы Слободан Крчмаревич бастап барған болатын.  Алғашқы ойында алаң иелерімен өтізген біздің ойыншылар қарсыластар қақпасын дәл көздей алмағанымен қоймай өз қақпаларынан бір рет доп алып шығуға мәжбүр болған. Одан кейінгі ойын Түркіменстаннан келген қатарластарымен болды. Өз қақпаларына алғашқы болып доп  жіберіп алғанына қарамастан ойынның қалған уақытында алаңда үстемдік құрған Қазақстан құрамасы 3-1 есебімен  жеңіске жете білді.  Топтағы соңғы ойын Эстония жастар құрамасымен болды. Ойын басталысымен тізгінді қолға алған жерлестеріміз премьер-лиганың арта қалған маусымындағы үздік шабуылшыларының бірі Хижниченконың голының арқасында есеп ашты. Щеткин ойынның 38-минутында есепті еселесе, Тағыберген тепкен доп Қазақстан құрамасын үш доп айырмасымен алға шығуына жол ашты. Эстониялық жастардың қолынан келгені ойын соңында бір доп айырмасын қысқарту ғана болды.                                                 Қазақстан — Эстония 3:1 (2:0)  Голдар: Хижниченко (3), Щеткин (38), Тағыберген (86), Калдоя (90)  Ескерту алғандар: Бейсебеков (18, 66), Тағыберген (28), Даутов (34)  Алаңнан қуылды: Бейсебеков (66,екінші сары қағаз)  Қазақстан: Ткачук, Даутов (к), Тағыберген (Прокопенко, 87), Исламхан (Қуат, 56), Хижниченко (Джолчиев, 60), Щёткин (Ахметов, 85), Қунов, Бейсебеков, Горячий, Лисенков (Левин, 68), Шомко  Эстония: Тоом, Вейс, Рейнтам, Яхимович, Пейтре, Подхолюзин (Тороп, 76), Таар (Калдоя, 46), Артюнин (Синилайд, 66), Лиивамяги (Чегодаев, 66), Аллику (к) (Касэ, 60), Индермитте (Лаабус, 35)  Төреші: Сельдяков, Веселовский, Болотенков  Үздік ойыншы: Исламхан Дереккөз: today.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×