Қазақстан жастар құрамасы Уэльске есе жіберді

18.09.2021, 15:08
Қыздарымыз сырт алаңда жауапсыз 6 гол жіберді.
Қазақстан жастар құрамасы Уэльске есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльс құрамасымен кездесіп, 6:0 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң иелері ойынның алғашқы бөлігінде екі гол соқты. 17-минутта Грин, ал үш минуттан кейін Хардинг көзге түсті. Ал екінші таймда Уэльс қыздары жауапсыз төрт гол соқты. Бұл жолы Роу, Эванс, Холанд көзге түсті және Грин дубль авторы атанды.

Қазақстанның негізгі құрамы: Саратовцева (қ), Демидова (Тұрлыбекова 84), Айтымова, Мясникова, Бурова (Садықова 84), Жанатаева, Нұрышева, Сатығалиева (Кожахмет 45+3), Хайрулина (Кырғызбаева 46), Власова, Бортникова (Жұмабайкызы 68);

Келесі ойын 21 қыркүйек күні сырт алаңда Грекиямен болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×