Қазақстан футбол үйінде еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы таныстырылды.
Жаңа іріктеу кезеңінде жастар құрамасын Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын болды. Қайрат Нұрдәулетов қызылжарлық «Есіл-Богатырь», алматылық «Қайрат», қостанайлық «Тобыл», елордалық «Астана», қызылордалық «Қайсар» командаларының намысын қорғаған.
2003-2013 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында 35 матч өткізіп, ұзақ уақыт капитан болып сайланды.
Өткен жылдары Қазақстан футбол федерациясында қызмет атқарды. Ең алдымен жастар құрамасы аға жаттықтырушысының көмекшісі, кейін ҚФФ құрама командалары департаментінің директоры болып еңбек етті.
Біздің серіктес: FONBET