Қазақстан жастар құрамасының алдағы ойындарға арналған құрамы жарияланды

26.08.2020, 16:59
Шетел чемпионатында өнер көсететін екі ойыншы шақыртылыпты.
Қазақстан жастар құрамасының алдағы ойындарға арналған құрамы жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарынығң аясында Қазақстан жастар құрамасы 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды.

Одан бөлек, 8 қыркүйек күні сырт алаңда Израиль құрамасына қарсы матч өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда басталады.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен ("Тараз"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Данил Устименко ("Қайрат");

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар ("Жетісу"), Сағадат Тұрсынбай ("Тобыл"), Әлібек Қасым ("Қызыл-Жар"), Талғат Кусяпов ("Оқжетпес"), Лев Скворцов ("Атырау"), Дінмұхамед Қашкен ("Қайсар"), Жалғас Жақсылықов ("Оңтүстік" академиясы), Айбар Нұрдалиев ("Қайрат");

Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян (екеуі де - "Шахтёр"), Сұлтан Сағнаев, Мәди Жақыпбаев (екеуі де - "Астана"), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де - "Қайрат"), Арман Кеңесов ("СКА-Хабаровск", Ресей), Жасұлан Қайыркенов ("Атырау"), Эльхан Астанов ("Ордабасы"), Артём Попов ("Ақсу");


Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет ("Жетісу"), Акмаль Бақтияров ("Сочи", Ресей), Оралхан Өміртаев ("Тобыл"), Артур Шушеначев ("Қайрат"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Владислав Прокопенко ("Ақтөбе");

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×