Қазақстан жастар құрамасының Бельгиямен өтетін ойынға арналған құрамы жарияланды

25.05.2021, 16:28
Аталған матч 4 маусым күні Ақтөбе қаласында өтеді.
Қазақстан жастар құрамасының Бельгиямен өтетін ойынға арналған құрамы жарияланды

Қазақстан U-21 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов Ақтөбеде 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгия командасына қарсы ойынына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Ақтөбеде басталады. Шақырылған футболшылардың саны – 23.

Қақпашылар: Данил Устименко («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Евгений Ситдиков («Ақтөбе»);

Қорғаушылар: Дінмұхамед Қашкен («Ақтөбе»), Александр Широбоков («Қайрат»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Лев Скворцов, Сағи Совет (екеуі де – «Астана»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Тайыр Нұрсейітов («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағынаев, Жасұлан Қайыркенов (екеуі де – «Астана»), Андрей Ульшин, Данияр Үсенов (екеуі де – «Қайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Арман Кеңесов («Қайсар»), Дінмұхамед Қараман («Тараз»), Максим Ваганов («Мақтаарал»), Вячеслав Швырев («Ақжайық»), Максим Самородов («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»).

Қосалқы құрам: Максим Скорых («Қызыл-Жар»), Еркебұлан Сейдахмет, Арсен Буранчиев (екеуі де – «Қайрат»), Әлияр Мұхамед («Тұран»), Владислав Прокопенко («Астана»).

Еуро-2023. Іріктеу кезеңі

Қазақстан U-21 – Бельгия U-21

04.06.2021 ж.

Ақтюбе қ., Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион

19:00 (Нұр-Сұлтан)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×