Қазақстан футболының түлегі Дмитрий Бачек испаниялық "Побленсе" клубына ауысады. Жақын уақытта ресми түрде жарияланады, деп хабарлайды РБ-Спорт Қазақстан.
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы 2019 жылғы маусымда Қарағандылық "Шахтердан" кеткен болатын. Осыдан кейін ол клубсыз қалды және қыркүйектен бастап Қазақстан жастар құрамасының іріктеу матчтарына ойын тәжірибесінің болмауына байланысты шақыртылмады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың басында Бачек Хорватиялық "Хайдук" клубында қаралымда болды, бірақ клуб бұл ауысымды трансфер кезеңі аяқталғанға дейін жариялай алмады. Бұған дейін 19 жастағы қазақстандық ойыншыға "Штутгарт" қызығушылық танытқан еді.
"Побленсе" Испания чемпионатының Сегунда Б лигасында өнер көрсетеді (үшінші дивизион).
Біздің серіктес: FONBET