Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Қайсардан» кетеді

03.11.2021, 19:28
Оның жалдау мерзімі аяқталды.
Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Қайсардан» кетеді

Қазақстан жастар құрамасының әмбебап футболшысы Арман Кеңесов «Қайсардан» кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Жас футболшының қызылордалық клубтағы жалдау мерзімі аяқталды. Кеңесовтің мансабын Қазақстанда жалғастырудың бірнеше нұсқасы бар.

21 жастағы футболшы «СКА-Хабаровск» клубына тиесілі, ол өткен маусымда ресейлік клуб үшін 16 матч өткізді.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Кеңесов 25 матчқа қатысып, үш гол соқты, екі нәтижелі пас берді. Одан бөлек, Қазақстан кубогінде бір гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×