22 жастағы "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев "Рубинмен" үш жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм-арнасында.
"Мұның қалай болатынын білмеймін, бірақ "Қайрат" та, "Рубин" де үнсіз отыр. Сонымен бірге менің Қазандағы ақпарат көздерім Адахаджиев қазірдің өзінде ресейлік клубтың ойыншысы атанды деп мәлімдеді. Олар трансфер туралы ешқандай мәлімет бермеді, трансфер сомасы да белгісіз.
Енді Слуцкийдің командасы Адахаджиевке сенім артпайды және оны ҚПЛ клубына немесе ФНЛ-ға жалға бергісі келеді, ол жерде футболшы үнемі ойын практикасын алады," - делінген хабарламада.
Адам - Омск қаласының тумасы, ол Көкшетауда футбол әліппесін үйренді, бірақ кейін Алматыға көшіп келіп, "Қайрат" академиясына түсті. Өткен маусымда ол алматылық клуб үшін ҚПЛ-де 7 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET