Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы ресейлік клубқа ауыспақ

11.02.2021, 15:57
Шабуылшы бұған дейін «Тобыл» клубында сынақтан өте алмаған еді.
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы ресейлік клубқа ауыспақ

Қазақстан жастар құрамасының экс-ойыншысы Акмаль Бахтияров ресейлік "Тамбов" клубы орналасқан жерге келді. Бұл туралы футболшының агенті Дмитрий Селюк хабарлады.

"Ол "Тамбовта" жүр, олар ойнауға рұқсат бере ме, жоқ па, көреміз. Акмаль командамен бірге жаттығуда. Мен клуб жаңа ойыншыларды тіркеудің шешімін табады деп ойлаймын.

Бүл ауысымды қалай бағалаймын? Ол РПЛ-де ойнайды, бұл өте жақсы. Міне, мен қазақстандық клубтардың оқу-жаттығу жиынындағы нәтижелеріне қарап отырмын, "Химки" "Астананы" еш қиындықсыз жеңді, "Қайрат" ұтылып жатыр... Мен мұндай нәтижелерді көріп, Қазақстан футболы үшін алаңдаймын. "Тамбов" клубының төлемдер бойынша қарыздары бар, бірақ мұның бәрі шешіледі деп сенейік", - деді Селюк.

Бахтияровтың құқығы "Сочиге" тиесілі, осы маусымда шабуылшы РПЛ-да бір матч өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×