Қазақстан жастар құрамасының Солтүстік Македония және Испаниямен болатын матчтарға арналған құрамы жарияланды

01.10.2020, 18:44
Шетелде ойнап жүрген қазақ жастары да шақыртылыпты.
Қазақстан жастар құрамасының Солтүстік Македония және Испаниямен болатын матчтарға арналған құрамы жарияланды

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев Солтүстік Македония және Испаниямен өтетін ойындар алдында оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылдардың тізімін жариялады.

Қазақстан жастар құрамасы 8 қазан күні Солтүстік Македония құрамасын қабылдайды. Матч Алматының Орталық стадионында өтеді.

13 қазан күні біздің жастар сырт алаңда Испаниямен кездеседі. Қазақстан жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынын 3 қазанда бастайды. 

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай, Роман Асранкулов (екеуі де - «Тобыл»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Лев Скворцов («Атырау»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар»), Алтынбек Төлеев («Алтай»), Нұралы Мамырбаев («Қыран»);

Жартылай қорғаушылар: Геворг Наджарян, Әди Адамбаев (екеуі де - «Шахтёр»), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де - «Қайрат»), Рамазан Оразов («Чайка», Ресей), Эльхан Астанов, Аслудин Хаджиев (екеуі де - «Ордабасы»), Артём Попов («Ақсу»), Дамир Марат («Екібастұз»);

Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Жетісу»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Тобыл»), Артур Шушеначев, Данияр Үсенов («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»);

Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – жаттықтырушы, Ержан Сунаков – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Динмухамед Оралов – менеджер, Николай Стриганов - видеооператор.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×