Қазақстан жастар (U17) құрамасы Беларуссияны еш қиындықсыз жеңді

04.02.2021, 02:01
Жастарымыз өткен матчтан сабақ алған секілді. Әлде қарсылас осал болды ма?
Қазақстан жастар (U17) құрамасы Беларуссияны еш қиындықсыз жеңді

Бүгін Қазақстан жастар (U17) құрамасы "Даму кубогі" аясында Беларуссия жастарымен кездесті. Матч 4:2 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталды.

Жастарымыз бірінші таймның өзінде-ақ жауапсыз төрт гол соқты. Атап айтсақ, Труфанов (9, 45+2 минут), Оразбек (24 минут), Темірғали (40 минут) көзге түсті. Ал Беларуссия құрамасы үшін Скавпынов (82 минут) пен Мартынов (89 минут) гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.


Айта кетейік, Кирилл Морунов шәкірттері 6 ақпан күні Молдова құрамасына қарсы ойнайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×