Турнирде біздің құраманың 2004 жылы туған жасөспірім футболшылары бақ сынады. Пандемияға байланысты осы жастағы балалар Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыса алмады.
Қазақстан футбол федерациясы «Даму Кубогіне» команданы қатыстырып, халықаралық тәжірибе жинауға мүмкіндік берді. Кирилл Морунов шәкірттері жуырда ресми ойындарға қатысады. Екінші жарты жылдықта осы жас санаты бойынша құрлық чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді.
«Даму Кубогінде» жастарымыз үш кездесу өткізді. Алғашқы матчта Тәжікстаннан 1:7 есебімен ұтылған болатын. Бірақ Беларусь (2:4) пен Молдова (5:0) құрамаларын еш қиындықсыз тізе бүктірді. Турнирдегі күміс жүлде және естелік сыйлықтардан бөлек, біздің команданың ойыншысы жеке номинация бойынша топ жарды.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Ян Труфанов бес гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.
Kff.kz
Біздің серіктес: FONBET