Қазақстан жастар (U17) құрамасы Молдованың тас-талқанын шығарды

06.02.2021, 21:58
Жастарымыз турнирлік кестеде екінші орынға ие болды.
Қазақстан жастар (U17) құрамасы Молдованың тас-талқанын шығарды

Қазақстан жастар құрамасы "Даму Кубогі" аясында Молдова құрамасымен кездесті. Матч 0:5 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді.

Ойынның есебін ашқан Ян Труфанов бұл матчта хет-трик жасады (4, 35, 65 минутта). Ал қалған екі голды Глеб Валгушев (30 минут) пен Мирас Оматай (51 минут) соқты.

Осылайша жастарымыз 6 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орында тұр. Бірінші орында тұрған Тәжікстан құрамасы бүгін Беларусь құрамасымен кездесетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×