Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, бүгін Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы клубтарға Премьер-лигадағы легионерлерге қойылған лимитті алып тастау туралы ұсыныспен хат жолдады.
Лимитті жою 2022 жылғы маусымнан бастап енгізілмеуі мүмкін. Бұған себеп - көптеген клубтардың ойыншылармен ұзақ мерзімді келісім-шартқа отыруы.
ҚКФЛ мүшелері бұл мәселені Лига кеңесінің келесі отырысында талқылайды. Нақты шешімді клубтар қабылдайды және мұны ҚФФ Атқару комитеті мақұлдайды.
Бұл жағдайда Премьер-лига командалары маусым бойы қанша шетелдік ойыншыны алса да, өздері біледі.
Біздің серіктес: FONBET