Қазақстандағы трансфер топтамасы - 4

26.12.2013, 19:41
Қазақстандағы трансфер топтамасы - 4
  Ақтөбе футбол клубының негізгі ойыншыларының бірі -  Марат Хайруллин өз командасында тағы  бір маусым  қалатын болды. Марат қазандық  футбол мектебінің түлегі. 2006 жылы  "Рубин" командасының негізгі ойыншысы  есебінде  алаңға  шықты. Рубин командасымен келісім-шарт  мерзімі аяқтала  салысымен Ақтөбе  командасына  ауысып келді. 3 жылдан  кейін қайтадан Ресейге  аттанып, Волга командасының  жейдесін киді. 2010  жылы Ақтөбе командасына қайтадан  келді.(Фото Sport.nur.kz сайтынан алынды) **********************************************************************************************************************   Тәжікстандық «Истиклола»  командасының қорғаушысы Ахтам Назаров  павлодарлық Ертісте сынақта жүр.  «Истиклола» ұжымымен күміс жүлдені  еншілеп, 2013 жылы Тажікстан ішкі  біріншілігіндегі үздік қорғаушылардың бірі  атанған  Ахтам Ертіс командасының  назарына ілікті.

      (Сурет Fc-Istiklol.tj сайтынан алынды) ********************************************************************************************************************** Қарағандылық «Шахтёр» клубы 28 жасар литвалық  қорғаушы  Гедиминас Вичюспен 1 жылдық келісім-  шарт жасасты.   Вичюс 2010  жылы кеншілер сапына қосылып, 96 ойын  өткізіп, 14 голдың авторы атанған. Еврокубоктық  ойындарда 19 рет алаңға шығып, ерекше ойын  үлгісімен көрермен көзайымы атанып үлгерді. Ауттан  доп лақтырудың хас шебері көптеген Еуропалық  клубтардың қызығушылығын оятты.   Вичюс «Шахтёр» командасымен 2 рет ел чемпионы  атанып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын ұтып  алды.        (Сурет Vesti.kz сайтынан алынды) **********************************************************************************************************************       Тараз футбол клубының қатары 4 футболшымен  толықты. Олар 27 жасар словениялық  қорғаушы  Рок Рой, жартылай қорғаушы Тимур  Досмагамбетов, сербиялық жартылай  қорғаушы Йован Голич және Тараз футбол  мектебінің түлегі Бауыржан Байтана. Бауыржан алдыңғы маусымда Тобыл командасына  жалға берілген болатын. Ал Голич бұған дейін  Атырау командасында бағын сынап көрген. Рок Рой  Голландия біріншілігінде өнер көрсететін  Волендам командасында ойнаған. Тимур өскемендік  Восток командасының негізгі футболшысы.         (Сурет Pux.su сайтынан алынды) **********************************************************************************************************************  35 жасар өзбек шабулшысы Ұлықбек Бакаев  павлодарлық Ертісте тағы 1 жылға қалатын болды. Бакаев Қазақстандағы 100-ден астам гол соққан жалғыз  легионер. Еншісінде 107 гол бар. 2012 жылы Ертіс  командасына келіп, 54 ойынға қатысып үлгерген  шабуылшы 18 голдың авторы атанған. Өзбекстан ұлттық құрамасының жейдесін 51 рет киіп, 14  мәрте мергендігімен көзге түскен.       (Сурет Sports.kz сайтынан алынды) **********************************************************************************************************************    Тағы бір өзбекстандық футболшы Ертіс  командасымен келісім-шарт жасасты. Ол кім деп  ойлайсыз? Әрине, Шавкат Саломов. 28 жасар  жартылай қорғаушы Саломов та Бакаев секілді  Жетісуда ойнап үлгерді. Енді ол жаңа маусымда  жаңа команданың жейдесін кимекші. Дебюттік  ойынында алматының Қайрат командасына гол  салып мамандардың көзіне түсті. Жетісу сапында 27  ойын өткізген Саломов 3 голды еншісіне жазды.         (Сурет Fannet.org сайтынан алынды) **********************************************************************************************************************     Дидар Сыдықбек "Қайсар" командасымен оқу-жаттығу жиынына  атанбақ. 20 жасар талантты футболшы "Ақтөбе", "Ордабасы"  командаларында ойнаған. Осы айда Елордалық Астана командасында  сынақта болды. Сонымен қатар Дидарға Польшаның клубтары да қызығушылық  танытқан болатын.       (Сурет News.nur.kz сайтынан алынды) *********************************************************************************************************************  26 жасар Қырғызстан футбол мектебінің түлегі Роман  Аблакимов талдықорғандық Жетісу командасында  сынақта жүр. Өткен маусымда талғарлық «Ак Булак» командасында  ойнаған. Бішкектің "Дордой" футбол клубында, "Жетіген" футзал клубында  және Қырғызстан футзалында доп тепкен.           (Сурет Sports.kz сайтынан алынды) **********************************************************************************************************************     Абылайхан ЖҰМАШ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×