Қазақстандық бапкер «Зенит» клубында тәжірибе жинақтамақ

22.11.2021, 00:41
Оның командасы биыл Бірінші лигада күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстандық бапкер «Зенит» клубында тәжірибе жинақтамақ

«Мақтаарал» клубының бас бапкері Константин Горовенко тәжірибе жинақтау үшін Ресейге аттанды, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы. Дереккөздің хабарлауынша, 44 жастағы қазақстандық маман «Зенит» клубының құрылымында өз білімін арттырмақ.

Айта кетейік, Горовенко «Мақтаарал» клубын өткен жазда тізгіндеген болатын. Ол маусым ортасында командадан кеткен Вахид Масудовтың орнын басты. Горовенконың жетекшілігімен «Мақтаарал» Бірінші лигада күміс жүлдеге ие болып, Премьер-лигаға жолдама алды.

Қазақстандық маман бұған дейін «Қайрат-Жастар», «Шахтер» клубтарында тер төгіп, еңбек еткен. Оның басшылығымен «кеншілер» 2020 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын төртінші орынмен аяқтап, Конференция лигасында ойнауға мүмкіндік алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×