«Қайраттың» бұрынғы футболшысы Тимур Рудосельский Армения Премьер-лигасының «Лори» клубына қосылуға жақын, деп хабарлады журналист Айдын Қожахмет.
25 жастағы қорғаушы келісімшартқа ертең, 17 тамызда отырады деп айтылған. Бұған дейін Рудосельскийдің РПЛ-ға қаралым үшін барғаны туралы хабарланған болатын, бірақ соңында олар «Тамбовпен» келісе алған жоқ. Сондай-ақ, биыл ол Беларуссия чемпионатында ойнауы мүмкін еді, бірақ пандемияға байланысты ол Қазақстанда қалуға мәжбүр болды.
Сонымен қатар, ол осы трансферлік терезе кезінде «Қайсармен» келісімшартқа отырған еді, бірақ араға бірнеше күн салып, клубтан кетуді шешті.
Еске салайық, Рудосельский мансабын «Қайратта» бастап, ол жерде 2014 жылдан 2017 жылға дейін ойнады. 2018 жылы Жетісуда ойнап, содан кейін Израильге көшті. Қорғаушы өткен маусымды «Оқжетпесте» өткізді, ол үшін ҚПЛ-дың 11 матчында бір голмен көзге түсті. Ол сонымен қатар Қазақстан жастар құрамасының капитаны болған.
Біздің серіктес: FONBET