Қазақстандық футболшы еуропалық клубқа ауысады

15.02.2022, 23:21
Футболшы өткен маусымда қарағандылық «Шахтердің» намысын қорғады.
Қазақстандық футболшы еуропалық клубқа ауысады

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық жартылай қорғаушы Геворг Наджарян жақын күндері армениялық «Пюниктің» ойыншысы атанады.

Қарағанды ​​футболының түлегі бұған дейін «Шахтер» және «Астана» командаларында ойнаған. 24 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасында 101 матч өткізіп, төрт гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.

Наджарян Қазақстан жастар құрамасы сапында 17 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×