Қазақстандық футболшы мансабын Қырғызстанда жалғастырады

12.03.2022, 22:39
Рауль Бішкек футболының түлегі болып табылады.
Қазақстандық футболшы мансабын Қырғызстанда жалғастырады

Қырғызстандық «Алға» 27 жастағы жартылай қорғаушы Рауль Джалиловпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Ойыншы бішкектік командаға еркін агент ретінде ауысты.

Рауль Джалилов бұған дейін Қазақстанда «Тобыл», «Сұңқар» және «Оңтүстік» академияларында өнер көрсеткен. Ойыншы соңғы кездері «Жетісудың» намысын қорғап, талдықорғандық клуб жейдесінде 14 матч өткізіп, 1 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.

Сондай-ақ Рауль Қазақстан жастар құрамасында 7 матч өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×