Қазақстандық футболшы Молдова чемпионы атанды

30.04.2022, 16:27
18 жастағы қазақстандық ойыншының командасына чемпионатта қарсылық көрсететін команда болмады.
Қазақстандық футболшы Молдова чемпионы атанды

«Шериф» Молдова чемпионатының 26-шы турындағы ойында «Динамо-Авто» командасын 3:0 есебімен ұтты. Тираспольдік клуб сапында Седрик Бадоло, Бруно және Адама Траоре мергендік танытты.

18 жастағы қазақстандық шабуылшы Данил Анкудинов «Шерифтің» қосалқы құрамында қалды. Ол алаңға 78-минутта шықты. Тағы бір 18 жастағы қазақстандық Вадим Яковлев «Динамо-Авто» сапында толық ойын өткізді.

Осы жеңісінің арқасында «Шериф» мерзімінен бұрын чемпион атанды. Осылайша, клуб соңғы 25 жыл ішінде 20-шы чемпиондық атағына қол жеткізді. Молдова чемпионатының турнирлік кестесінде Анкудиновтің клубы 66 ұпаймен және 72:7 доп айырмасымен көш бастап тұр, ал екінші орындағы команда 11 ұпайға артта қалып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×