Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді

17.11.2020, 15:58
18 жасар футболшы негізгі командада дебют жасады.
Қазақстандық футболшы Түркия чемпионатындағы алғашқы кездесуін өткізді

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының экс-ойыншысы Микаэль Асқаров Түркияда доп теуіп жүр.

Түркиялық «Фенербахченің» жастар клубында ойнайтын Микаэль 2002 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақстан азаматтығы бар. 2011 жылы оның ата-анасы Түркияға көшіп кеткен.

Дегенмен, футболшы 2018 жылы Қазақстан жастар құрамасының сапында өнер көрсетті. Микаэль Асқаровтың түркиялық командадағы алғашқы кездесуі 3:3 есебімен аяқталды. Оның командасы «Карагюмрюк» клубына қарсы шықты. Асқаров матчтың 75-минутында орнын әріптесі Гюрканға босатты.

Айта кетейік, Микаэль Асқаров «Фенербахче» сапында Луис Густаво, Диего Перотти, Кемал Адеми, Паппис Сиссе сияқты атақты футболшылармен бірге ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×